30 ноября в 17:00

Ақтөбе облысында алимент төлемеген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысының тұрғыны бауыр еті баласына алимент төлемегені үшін 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын арқалады.

Ақтөбе облысында алимент төлемеген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында табысын қасақана жасырып, үш жылдай алимент төлемей жүрген тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Темір аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың таратқан ақпарына сүйенсек, сотталған адам төрт жасар баласына 2022 жылдан бері алимент төлей, тапқан табысын сот орындаушыдан жасырып келген. Қарыз соммасы 3,5 миллион теңгені құрапты. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғын еңбек етіп, табысын қолма-қол алып, перзентіне материалдық тұрғыда көмектеспеген. 

Сотта сотталушы кінәсін мойындапты. Судья перзентіне алимент төлеуден жалтарған адамға қатысты бір жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жаза кесті. 

Үкім заңды күшіне енді. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp