Қазақстанда 250 мың оқушы онлайн білім алуда

Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елдегі тұмауға байланысты жағдайды жіпке тізді.

Елімізде тұмау өршіп, жіті респираторлы вируспен ауырып жатқандар көп. Соның кесірінен 13 өңірде оқушылар онлайн оқуға көшкен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Вице-министр 250 мыңға тарта баланың қашықтан білім алып жатқанын хабарлады. Бүгінгі таңда 11,5 жарым сынып оқу процесін онлайн жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ вице-министр маска тағу режиміне байланысты пікір білдірді. Ол медициналық мекемелерде маска кию режимі енгізілгенін, алайда бұқара медициналық бетпердені кию кимесін өзі шешеді деп қысқа қайырды.